Жаңалықтар

Таразда мас жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады

Тараз қаласында қоғамдық көлікте жанжал шығып, автобус жүргізушісі пышақ жарақатын алды. Оқиға мас күйдегі жолаушы мен жүргізуші арасындағы келіспеушіліктен басталған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жолаушы автобустың жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан жүргізушіден бағытты жалғастыруды талап еткен. Жүргізуші рейс аяқталғанын айтып, талапты орындаудан бас тартқан. Осыдан кейін екеуінің арасында сөзге келу болып, жағдай жанжалға ұласқан.

Кикілжің барысында 40 жастағы ер адам 59 жастағы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасап, жарақаттаған. Зардап шеккен жүргізуші дереу медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқиға орнында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда.