Жаңалықтар

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының жанында шет мемлекеттердің байқаушылары 1-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.

2. 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының жанында халықаралық ұйымдардың байқаушылары 2-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.

3. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының  Орталық референдум комиссиясы Төрағасының орынбасары М.Т. Ерманға жүктелсін.