11 наурызға арналған ауа райы болжамы: Жамбыл облысында қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі
2026 жылғы 11 наурызда Жамбыл облысының аумағында ауа райының қолайсыз құбылыстары күтіледі. Синоптиктердің мәліметінше, облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Сонымен қатар кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
Түнгі уақытта облыстың таулы аймақтарында қардың қатты жаууы болжанып отыр. Солтүстік-батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 9–14 м/с болады. Кейбір өңірлерде, атап айтқанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің күші 15–20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Түнде желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.
Ауа температурасы түнде 7–12 градус аязды көрсетеді. Облыстың солтүстік және таулы аудандарында түнгі уақытта 15–20 градус аяз болуы ықтимал. Күндіз ауа температурасы 3–8 градус аяз шамасында сақталады, ал солтүстік пен таулы аймақтарда 13 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.
Тараз қаласында көшпелі бұлтты ауа райы болжанып отыр. Түнде қар жауып, кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетіп, кей кезде 25 м/с болуы мүмкін.
Қалада ауа температурасы түнде 10–12 градус аяз, ал күндіз 4–6 градус аяз болады. Мамандар тұрғындарға жолда абай болуды және ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.