7 наурыз күні Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Алтынкөл көлінде мұз жарылып, балықшы жағадан алысқа кетіп қалған.
Оны құтқаруға №11 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру кезекшісінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Дамир Таранов барған. Алайда құтқару жұмыстары кезінде мұз тағы да жарылып, ол суға батып кеткен.
Дамир Таранов 2012 жылдан бері азаматтық қорғау саласында қызмет атқарып келген.
Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.
Келесі мақала


