Тарихи таңдау: Жаңа Конституция – технологиялық дамудың және жарқын болашақтың кепілі
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 16:33
- 14
Мемлекет басшысы еліміздің халықаралық беделіне де ерекше тоқталды. Қазақстан – бейбіт ел, ал көк түсті төлқұжатымыз әлемде құрметке ие. Бүгінде қазақстандықтарды көптеген мемлекеттерде жылы қабылдайды. Сонымен қатар 90 мыңнан астам қазақстандық жас шетелде еркін білім алып, өз білімін жетілдіруде. Бұл еліміздегі мүмкіндіктердің кең екенін көрсетеді.
Президент алдағы референдумды ел тарихындағы маңызды сәттердің бірі ретінде бағалады. Әрбір азамат бұл күні дауыс беру арқылы Қазақстанның жасампаздық жылнамасына өз қолтаңбасын қалдыра алады. Мұндай тарихи мүмкіндіктер жиі бола бермейді.
Әсіресе жастардың белсенділігі маңызды. Референдумға қатысу – ел тағдырына бей-жай қарамаудың белгісі. Өз таңдауыңды жасау – туған елдің болашағын бірге қалыптастыру деген сөз.
Уақыт өте келе Қазақстан жаңа Конституцияның негізінде қарқынды дамып, әлемдегі озық мемлекеттердің қатарына қосылады. Сол кезде бүгінгі таңдауға қатысқан азаматтар «Отанымның биікке көтерілу жолына мен де үлес қостым» деп мақтанышпен айта алады.
Ұлы Абай айтқандай, «Адамның адамшылығы істі бастауынан білінеді». Сондықтан ел болашағы үшін жасалып жатқан бұл қадам – кейінгі ұрпақтың жарқын өміріне бағытталған маңызды шешім. Қазақстанның дамуына әр азаматтың үлесі қажет.


