Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 10 мыңнан астам жолаушы жеткізілді

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 10 мыңнан астам жолаушы жеткізілді
Таяу Шығыс елдерінде эскалация басталғалы бері, Қазақстанға 61 рейс орындалып, олармен 10 033 жолаушы тасымалданды.

Рейстер Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары арқылы Дубай, Шарджа, Жидда, Медина және Маскат қалаларынан Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларына орындалуда.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ отандық және шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге жеткізу жұмыстарын жалғастыруда.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар