Жаңалықтар
Елена Рыбакина теннистен АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 12:31
- 1
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты.
Ширек финалда қазақстандық теннисші Джессика Пегуламен (АҚШ) кездесті.
Матч екі сетке созылды. Нәтижесінде Рыбакина 6:1, 7:6 есебімен жеңіске жетті.
Жартылай финалда отандасымыз Элина Свитолинамен (Украина) кездеседі.
Айта кетейік, рейтинг ресми түрде жаңартылғаннан кейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады.


