Бағдат Мусин дәрігерлерден есеп талап етуге тыйым салды
Бағдат Мусин дәрігерлерден есеп талап етуге тыйым салды
Президенттің ескертуінен кейін «Цифрландыру» министрі медицина саласында тәртіп орнатуды қолға алды Бағдат Мусин елорданың медициналық мекемелерін аралап, ақпараттық жүйені әзірлеушілерді сынға алды. Оның айтуынша, дәрігерлер компьютерде түрлі бланкілерді толтыруға көп уақыт жұмсайды. Мусин оларға қайталанатын деректер қорын оңтайландыруды тапсырды. Сондай-ақ, дәрігерлерден есеп талап етуге тыйым салуды ұсынады. Тексеру органдары қажетті мәліметтер базасына өздері қол жеткізе алатынын атап өтті. Енді министр облыстық медициналық мекемелерді аралап, цифрландырудың барысын бақылап отырмақ. @sputnikKZ