Қарағанды көшелерінде иректелген ерекше жол белгісі пайда болды
Қарағанды көшелерінде иректелген ерекше жол белгісі пайда болды
Адам мен көлік көп жүретін орталық даңғылдың біріндегі бұл белгі көлік тізгіндеп келе жатқан жүргізушінің назарын аударып, алда жаяу жүргінші жолы барын ескерту үшін жасалған. Мамандар алдағы уақытта мұндай белгіні бағдаршамы жоқ жаяу жүргінші жолдарының маңына көптеп сызуды жоспарлап отыр.
Себебі бұл көлігі көп нөпірдің ішінде көзге оттай басылады. Нәтижесінде қауіпсіздік мәселесінде жүргізушінің қырағы болуына ықпал етеді дейді полицейлер. Жол қозғалысының стандартына сәйкес, біз бұл жолақты тәжірибелі түрде енгіздік. Мұндай белгі бұрын-соңды қолданылмаған. Қазір эксперименталды түрде байқап, нәтижелі болса көптеп сызатын боламыз, – дейді қалалық әкімшілік полиция қызметкері.