Жаңалықтар

Балабақша жүргізушісі көлігімен сәбиді басып кетті

Балабақша жүргізушісі көлігімен сәбиді басып кетті

Оқиға Қызылордадағы жекеменшік балабақшада болған. Жүргізуші 7 баланы балабақшаға әкелген. Тәрбиешінің көмекшісі бүлдіршіндерді ішке кіргізіп жүріп, бір баланың сыртта қалғанын байқамай қалған. Жүргізуші де назар аудармай, оны көлігімен басып кеткен. Өкінішке қарай, бала көз жұмды. Қазір аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Дереккөз: Қазақстан Ұлттық арнасы