Жаңалықтар

Қазақстанда мигранттардың балаларына туу туралы кәулік беріледі

Қазақстанда мигранттардың балаларына туу туралы кәулік беріледі

Қазақстанда дүниеге келген өзге ел азаматтарының балаларына туу туралы куәлік беріледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты. Оның айтуынша, Қазақстанның медицина мекемелерінде дүниеге келген әр нәрестеге, яғни анасының мәртебесіне қарамастан, туу туралы куәлік беріледі. Атап айтқанда, көші-қон процестерінде балалар құқығын қорғау бойынша үш жылдық бағдарлама аясында 1 мыңнан астам жеткіншек туу туралы құжат алып, оларға білім беру әрі әлеуметтік қызметтер бойынша жағдай жасалды. Е. Иманғалиевтің пайымынша, көші-қон процестерінде қамтылған балалар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстарды жалғастыру керек. «Көші-қон бойынша қамтылған балалардың мәселесі әкімшілік проблемаларға қатысты болып тұр. Бұл ретте тұрғылықты жері бойынша тіркелмеуі, Қазақстанда еңбек мигранты ретінде ата-анасының мәртебесінің реттелмеуі, сондай-ақ азаматтығының болмауы мәселесі бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел отырысында.