Жаңалықтар

Қазақстан «маймыл шешегін» анықтайтын ПТР-сынамасын сатып алды

Қазақстан «маймыл шешегін» анықтайтын ПТР-сынамасын сатып алды

Әзірге тест лабораториялық тексерістен өтіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. «Диагностика маймыл шешегіне тән клиникалық көріністер болғанда ғана жүргізіледі. Ең алдымен, бұл температураның көтерілуі, ерекше бөртпелердің пайда болуы. Маймыл шешегіне қарсы вакцинациялауға қатысты ДДСҰ-ның нақты ұсынысы бар. Бүкіл халықты вакцинациялаудың қажеті жоқ, өйткені вирус өте тығыз байланыс арқылы ғана жұғады, сәйкесінше қоғамда тез таралмайды. Вакцинаны науқаспен жақын байланыс болғанда ғана алуға болады», - деп вице-министр. Қазақстан маймыл шешегінің таралу қаупі төмен елге жатады.