Жаңалықтар

Маңғыстау облысында айлық жауын нормасы бір тәулікте жауған

Маңғыстау облысында айлық жауын нормасы бір тәулікте жауған

Маңғыстау облысының батыс аумағында 28 шілдеде 1-13 мм жаңбыр жауған. Қазгидрометтің мәліметінше, бұл айлық жауын нормасына сәйкес келеді. Ақтау қаласында да жауын нормасы айлық жауын нормасымен тең келеді. Жаңбыр кешкі сағат 23:00 шамасында басталып, 06:00-ге дейін толассыз жауған. 28 шілде күні сағат 08:00-ден бастап 10:00-ге дейін тағы жауған. Қала көшелерінен су сорылып жатыр.