Футбол алаңынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Футбол алаңынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Нұр-Сұлтан қаласында 38 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Baq-orda, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. «Биылғы 26 шілде күні сағат 10:11-де «102» арнасына Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті», - деген хабар таратты полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бүгінде аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Айта кетсек, кеше Алматыда Терренкур тоғанынан ер адамның денесі табылғанын хабарлаған едік. Одан бөлек, осыдан 2 күн бұрын Шымкентте әлдекім көшеде 19 жастағы жігітті өлтіріп кеткен болатын.