Заңды тұлғаларға несие бөлу бір айда 2,4 пайызға өсті
Заңды тұлғаларға несие бөлу бір айда 2,4 пайызға өсті
Заңды тұлғаларға несие бөлу бір айда 2,4 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен мәлім етті. «Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 2,7 пайызға ұлғайып, 2022 жылғы маусымның соңында 20 050,8 млрд теңгені құрады (жылдық мәнде өсу 27,5% болды). Заңды тұлғаларға несие бөлу бір айда 8 080,9 млрд теңгеге дейін 2,4 пайызға, ал жеке тұлғаларға несие беру 11 969,9 млрд теңгеге дейін 2,9 пайызға артты», - делінген Ұлттық банк мәліметінде. Ұлттық валютадағы несие көлемі бір айда 18 245,9 млрд теңгеге дейін 1,9 пайызға ұлғайды. Шетел валютасындағы несие 1 804,9 млрд теңгеге дейін 11,8 пайызға артты. 2022 жылғы маусымның соңында теңгедегі несиенің үлес салмағы 91 пайыз (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) болды. «Ұзақ мерзімді несие бір айда 16 599,8 млрд теңгеге дейін 2,8 пайызға, қысқа мерзімді несие 3 451 млрд теңгеге дейін 2,1 пайызға ұлғайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие бөлу 2022 жылғы маусымда 4 168,1 млрд теңгеге дейін 4,5 пайызға өсті (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің 51,6%-ы). 2022 жылғы маусымда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген несие бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,8 пайыз (2021 жылғы маусымда – 11,6%), жеке тұлғаларға 17,2 пайыз (16,6%) болды», - деп аталып өткен ҰБ ақпаратында. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл маусым айында Қазақстанда АҚШ долларын сатып алу қарқыны бәсеңдеді.