Жаңалықтар

Жамбылдық ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшіcі қайтыс болды

Жамбылдық ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшіcі қайтыс болды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы Қордай ауданында көз жұмған шекара қызметі офицеріне қатысты тексеру жүргізеді. ҰҚК мәліметінше, 2022 жылдың 27 шілдесінде ҰҚК шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болған. Өлімнің алдын ала себебі — миға қан кету. Аталған факті бойынша ҚР ІІМ оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және қажетті көмек көрсету шараларын қабылдап жатыр.