Жаңалықтар

Алматыда белгісіз біреу бойжеткенді зорламақ болды

Алматыда белгісіз біреу бойжеткенді зорламақ болды

Алматы полициясы 29 шілдеге қараған түні жеке секторда тіркелген зорлауға әрекеттену дерегін тергеп жатыр. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан қыз көлікті тоқтатып, жүргізушіден құтқаруын сұрағанын көруге болады. Сонымен қатар, видеода қыздың артынан қуып келе жатқан ер адам байқалады. Алматы Полиция департаменті 2000 жылы туған Б-ны зорлауға әрекеттену дерегін Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатқанын мәлім етті. «Жәбірленуші қыз оқиғадан біраз уақыт бұрын алкогольдік ішімдік ішкен таныстарының бірінен күдіктенеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу тобы құрылды. Тергеу барысы Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.