9-сынып оқушысы сыныптасын алдап шақырып, кездескен тұста тамағын пышақпен орып жіберген.

"Оқушы пышақ алып, алдын ала дайындалған":Таразда сыныптасын пышақтаған қыздың анасы сұмдық жағдайдың бетін ашты.

0 253

Таразда сұмдық жағдай. Тоғызыншы сыныптағы оқушы қатарласының тамағын пышақпен орып жіберді. Жантүршігерлік жағдай қаладағы №35-ші мектепте болған. Қазір қыз облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды. Жасөспірімнің мұндай әрекетке баруын жақындары жын иектеуімен түсіндіреді. Қазір жарақат алған қыздың жағдайы қалай? Қолын қанға бояған оқушыға тапсырма берген кім?

Оқушының сыныптасын серуендеуге шақырып күтпеген жерден пышақ сермеген жағдай бір апта бұрын болған. Жайсыз хабарды полициядан естіген мектеп әкімшілігі есеңгіреп қалғандарын айтады. Тергеу барысында қыздың ұялы телефонынан өлім-жітім, қанды оқиға жайында кинолар шыққан. Сорақысы 9-шы сыныпта оқитын тәлімгердің қатарласын құрбан етуге күн бұрын дайындалып ас үй пышағын арнайы сатып алғаны анықталыпты.

«Пышақты бір апта бұрын магазиннен алған. Үйіне сөйтіп қойып қойған. Поговорим, серуендеп жүріп қайтайық деп шақырып алған. Алтыншы шағынауданның 29-шы домның артқы жағында, қараңғы бата сол кезде жасап отыр. Және полиция бөлімі анықтау жүргізгенде телефоныннан үнемі осындай кинолар көретінін анықталды. Крик сияқты ужас кинолар көрген. Внутренный голос мне подсказал, деді, вот так сделать чтобы»,-дейді №35 орта мектебі құқықтық тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Ғабит Кадеров.

 

Оғаш қылыққа оқталған оқушы осылайша құрбысының тамағын осып жіберген дейді білім ошағындағылар. Суық қару абырой болғанда күре тамырға сәл жетпей қалған дейді сынып жетекшісі.

Ішкі дауыс оған установка бергеннен кейін өзі де білмейді ол ондай жарақат жасағанын. Ол да анау да шоктағы жағдайда. Пышақтың ұшы кірген. Егер шамалы 1-2 миллимметр болғанда жарақат ауыр болар еді. Күре тамыр кесіліп те кетуі мүмкін еді. Құдайға шүкір. Қыздың жағдайы жақсы. Жарақат орнын тікті тек»,-дейді сынып жетекшісі Шолпан Жаркиева.

Ал күдіктінің анасы сол түні қызы қан жоса болып келгенін айтады. Жеткіншек болған жайды тылсым ішкі дауыстың бұйрығымен орындадым депті. Белгілі болғандай іс әрекеті күмәнді оқушы бұған дейін бірнеше мәрте өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бірақ анасы бұл жай туралы ешкімге тіс жармапты.

«Шок алған. Сол пышақты қалай ұстағанын білмейді. Былай бәрі кесілген. Өзінің қолын кесіп тастаған. Сөйтіп үйге қан-қан болып келді. Мама мен жасаған жоқпын деді. Маған дауыс айтты жаса деп дейді. Дауыс прям отчетливо шумнан шығады да айтады дейді. Жаса деді. Дайындал, мынаны ал, мынаны ал деп»,-дейді қыздың анасы Назгүл Динбаева.

Қызының жаман атын шығармас үшін анасы ауруханаға жатқызудан бас тарттым дейді. Өзі де осы мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Осылайша дәрігерге де, молдаға да оқытып көрген. Бірнеше мәрте мектеп, сынып ауыстырып оңалып кетер деген үмітте болыпты. Бірақ қызы ішкі дауыстардың маза бермей соңғы кезде жиілеп кеткенін айтқан. Сондай сәтте сөзге келіп ұрыстым, содан ол бар агрессиясын басқадан алуға көшкен болуы бек мүмкін дейді.

Сол ұрыстан соң алды өзіне ауды. Агрессияға кеткен. Өзін жаралау, өмірден түңіліп кетті да не үшін өмір сүріп жатырмын деп. (Жылап қалады).Өз-өзіне диагноз қояды шығарды. Философиялық кітаптар оқып кетті. Ішкі дауыстарды бақылап, жақсылыққа апармайтынын бақылайтындай болдым деген»,-дейді қыздың анасы Назгүл Динбаева.

Полиция қылмысқа қатысты іс қозғап, тергеуді бастады.

 

«Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленуші тиісті медициналық көмек көрсетілгенннен кейін госпитализациясыз үйіне жіберілді. Қалған мәлімет қылмыстық процесуалдық кодекс бойынша жариялауға жатпайды»,-дейді Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

 

Қазір күдікті облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды. Дәрігерлердің диагнозынан кейін ішкі істер департаменті нақты шешім шығаратын болады. Ал оқушының ахуалын біле тұра бүркемелеген мектеп басшысы мен психолог өз еркімен жұмыстан шеттетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.