Жаңалықтар

Италиядағы Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті

Италиядағы Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті

Италияда өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатында құрама қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті. 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дарын Әскербек финалда, АҚШ спортшысы Патрик Джаксенді 11:10 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Бұл - Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатындағы төртінші жүлдесі. Осыған дейін Арсен Жұма, Юсуф Ашрапов және Алина Ертөстік қола жүлдегер болды.