Жаңалықтар

Ұлттық ұланның екі бірдей қызметкері қаза тапты

Ұлттық ұланның екі бірдей қызметкері қаза тапты

Бірі – Степногорск, екіншісі Ақтау маңындағы әскери бөлімдерде қызмет еткен. Алдын-ала мәлімет бойынша екеуі де асылып қалған. «29 шілде күні сағат 21:00 шамасында автопарк бойынша тәуліктік кезекшілікте тұрған қатардағы жауынгер Н.А. Оразбай кезекшіден сыртқа сұранып кетеді. Біршама уақыттан кейін басқа сарбаз автопарк аумағындағы қоймада Н.А.Оразбайдың асылып тұрғанын көреді. Ауруханада дәрігерлер сарбаздың қайтыс болғанын растады. 30 шілде күні сағат 5:15-те әскери бөлімге аға сержант А. С. Мерғалиевтің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен. Жұбайы түнгі сағат 3.30 шамасында күйеуін үйінің дәретханасынан асылып тұрған күйінде тауып алғаны белгілі болды», делінген ҚР Ұлттық ұланы баспасөзінің ресми мәліметінде. Аталған фактілер бойынша тергеу жұмыстары басталды. Басқа ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етуге тыйым салынған. Дереккөз: qazaqstantv