Ә. Смайылов: Жобалардың іске асырылуы әкімдер мен жауапты орталық мемлекеттік органдар басшыларының ерекше бақылауында болуы тиіс

0 125

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының негізгі көрсеткіштерін атады.

«Жалпы, ұлттық жобаны іске асыру елді мекендерде инфрақұрылымның жай-күйін жақсартуға, халықтың базалық қызметтергетең қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сумен жабдықтауға қолжетімділік 96%-ке қамтамасыз етілді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша 480 тірек ауылдар мен серіктес ауылдар жаңғыртылды. Тұрғын үй құрылысына 2,4 трлн теңге инвестиция тартылды. Жұмыс істейтін жастар үшін халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына, көп балалы отбасыларға тұрғын үй салынып жатыр», – деді Ә. Смайылов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, қабылданатын шараларды жоспарлы түрде іске асыру қалыпты күйдегі республикалық маңызы бар жолдар үлесін 90%-ке және жергілікті маңызы бар автожолдар үлесін 80%-ке дейін арттыруға мүмкіндік берді.

«Өңір әкімдері қалыпты күйдегі жергілікті маңызы бар жолдар үлесін ұлғайтуы керек. Бұл ретте, тұрғын үй құрылысы саласындағы, «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша бюджеттік кредит беру жөніндегі кейбір көрсеткіштердің орындалмағанын, жобалардың және жобалау-сметалық құжаттаманы түзетудің қымбаттағанын атап өтемін. Жыл соңына дейін көп уақыт қалған жоқ, сондықтан осы жұмысты жандандыру қажет. Жобалардың іске асырылуы әкімдер мен жауапты орталық мемлекеттік органдар басшыларының ерекше бақылауында болуы тиіс», – деп тапсырма берді Үкімет басшысы.

Дереккөз: Қазақпарат сайтынан

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.