Әскерде сарбаздың суицидке баруына не себеп – министрлік жауабы

0 14

«Сарбаздардың өз-өзіне қол салуының себебі тәрбиеге (бала күнінде психикалық жарақат алуы – 5 жасқа дейін), тұқым қуалайтын бейімділікке (отбасында осындай жағдайдың болуы) және әскери міндетін өтеушінің жеке психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін.

Өмірде осындай күйзеліске әкелетін кей жағдайларға тоқталып өтсек:

– дос болып жүрген қызының тастап кетуі;

– әртүрлі себептерге байланысты орын алатын отбасылық жанжалдар;

– өзіне-өзі қол жұмсауға жеке басының бейім болуы және күйзеліске төзе алмауы;

– жауапкершіліктен қорқу;

– эмоцияға беріліп, ойының бұзылуы және тағы басқа», – деген жауап берілді .

Сондай-ақ аталған ведомство армия сапына жас арбаздар өмірге көзқарасы толық қалыптаспаған кезде шақырылатынын айтып өтті.

«Сонымен қатар әскерге дүниетанымы, тәрбиесі және өмірге деген көзқарасы толық қалыптаспаған жастар шақырылады. Одан бөлек әскерде, шынын айтқанда, педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жас жігіттер кездеседі. Бір жыл ішінде оларды қайта тәрбиелеу қаншалықты қиын екенін ойлап көріңіз», – дейді министрліктен.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскерде адамды жоғалту орны толмас қайғы.

«Әскерде рухани мағынасы бар және ерекше құндылыққа ие «жауынгер жолдас» деген ұғым бар екені кездейсоқ емес. Командирлер де сарбаздарды ұрыс алаңында ғана емес, бейбіт уақытта да жаттығулар немесе күнделікті тапсырмаларды орындау кезінде талай өлімнен алып қалғаны жайлы мысалдар көп», – делінген ресми ақпаратта.

Дереккөз: Қазақпарат сайтынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.