Алакөл жағасынан күніне 10 тонна қоқыс шығарылады

0 43

Ең танымал туристік орында күн сайын 15-20 мың адам демалады.

Алакөл жағасынан күн сайын 10 тонна қоқыс шығарылады. Коммуналдық қызмет мамандары көл жағасын таңғы сағат 05:00-ден кешкі 22:00-ге дейін тазалайды. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Жағалаудың ұзындығы 3,8 шақырымды құрайды.

Ақпаратқа сәйкес, жазғы туристік маусымда көл жағалауында санитарлық тазарту жұмыстарымен Үржар ауданы әкімдігінің «Мақаншы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айналысады. Отызға жуық жұмысшы жағалау мен арбатты күніне 3 рет, ал тротуарлар, автомобиль жолдарының жиектерін 1 рет қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазартады.

Жағалаудағы санитарлық тазалықты сақтау мақсатында жаңадан қосымша 200 дана қоқыс жәшігі алынды. Бұдан бөлек жағалау мен арбатқа тағы 40 қоқыс жәшігі қойылған. Көл жағасынан күніне шамамен 10 тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылады.

«Абай облысының ең танымал туристік орны Алакөлдің жағасында күніне 15-20 мың адам демалады. Былтыр бір маусымда шипалы суға түскен туристер саны 1 миллионнан асқан. Ал биыл еліміз бен алыс-жақын шетелдерден келетін демалушылардың саны былтырғы көрсеткіштен де асады деген болжам бар», – делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.