Алматыда екі бала мен анасының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

0 67

Алматыдағы «Спутник» тұрғын үй кешеніндегі әйел мен екі баласының өліміне қатысты кісі өлтіру дерегі бойынша іс қозғалды.

«Әйел мен оның екі баласының денесі 6 тамыз күні қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінен табылды. Мәйіттерде зорлық-зомбылық ізі болған. Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Сондай-ақ, видеоматериалдар зерттеліп, куәгерлерден жауап алынып жатыр. Алматы қалалық прокуратурасы қылмыстық істі ерекше бақылауына алды», – деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.