Ақтөбеде мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

0 31

Ақтөбеде 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 13-қыркүйекте бөлімге 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйіті туралы хабарлама келіп түскен. Осы факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы «Өзіне өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Жасөспірімнің өзіне-өзі қол жұмсауының себептері анықталып жатыр

«Бұған дейін облыстың прокурорлары адамдардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары жиілегенін хабарлаған еді. Былтыр 128 дерек болса, биыл 16 жағдай болған. Оның ішінде 47 адам қайтыс болды, 121 адам қол жұмсауға тырысып, уақытында құтқарылды. Күн сайын орта есеппен 2 суицид жасалады. Мұндай деректердің көбі Ақтөбе қаласында (143), Мұғалжар (5), Шалқар (4), Мәртөк, Әйтеке би (3-тен) жасалды», – деп мәлім етті прокурорлар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.