Белгілі журналист Динара Сәтжанға берген сұхбат кезінде жұлдызды жұп - Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова арасындағы бір сәт желі қолданушыларының ерекше ықыласына бөленді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Әңгіме барысында журналист «Қанша жыл бірге жүрсіздер?» деген сұрақ қойған. Бұл сұраққа Қайрат Нұртас еш ойланбастан «18 жыл» деп жауап берген. Алайда оның бұл жауабын жұбайы бірден түзетіп, отау құрғандарына «20 жыл» болғанын айтып салды.
Жұлдыз Әбдікәрімованың бұл әрекеті желіде жылы әзіл мен пікірталас тудырды. Қолданушылар бұл жағдайды ер адамдардың маңызды даталарды жиі ұмытып кететін әдетімен байланыстырып, түрлі пікірлер қалдыруда.
Көпшілік жұптың жарасымды әзілін оң қабылдап, отбасының амандығын тілеп жатыр. Ал видео үзіндісі қысқа уақыт ішінде әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қызу талқылануда.