Контентке өту

«9 сәбиім шетінеп кетті»: Гүлзира Айдарбекова өміріндегі ауыр кезең туралы айтты

«9 сәбиім шетінеп кетті»: Гүлзира Айдарбекова өміріндегі ауыр кезең туралы айтты
ашық дерек

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова көпшілік біле бермейтін өміріндегі ауыр кезеңді еске алды. Оның айтуынша, тұңғышы Қайрат Нұртасты дүниеге әкелгеннен кейін бірнеше рет құрсақ көтергенімен, тоғыз сәбиінен айырылған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Продюсер бұл туралы сұхбат барысында айтып, алғашқы қайғылы жағдай туған ағасының қазасы туралы суық хабарды естігеннен кейін болғанын жеткізді.

Гүлзира Айдарбекованың сөзінше, сол кезде ұялы телефон болмағандықтан, Түркістанға хабарласып, ағасын іздеген. Алайда телефон тұтқасын көтерген адам оның ағасының өмірден өткенін бірден айтқан.

«Қатты уайымдағаннан, жаман хабар естігеннен ішімдегі балам шетінеп кетті. Оны алып тастағаннан кейін қайта-қайта көтеремін, қайта-қайта түсіп қалады. Ол кезде жатырдың ойнамалы болып қалатынын білмегенмін. Сонымен бірден алты сәби шетінеп кетті», – деді продюсер.

Оның айтуынша, кейін дәрігерлердің кеңесіне құлақ асып, белгілі бір уақыт денсаулығын қалпына келтіруге көңіл бөлген.

«Бір орыс әйел "алты айдан бір жылға дейін демал, жатырың ойнамалы болып қалған" деді. Содан кейін Аянды көтердім. Аяннан кейін тағы да үш аборт болды», – деп еске алды ол.

Продюсердің бұл жан сыры желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Көпшілік оған қолдау білдіріп, бастан өткерген ауыр сынақтарына қарамастан, балаларының қызығын көріп отырғанына қуанышын жеткізді.

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова – еліміздегі танымал продюсерлердің бірі. Ол әнші Қайрат Нұртастың шығармашылық жолындағы басты қолдаушыларының бірі ретінде көпшілікке жақсы таныс.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты