Контентке өту

Ақтөбеде автогаз құю станциясында жарылыс болды

Ақтөбеде автогаз құю станциясында жарылыс болды
ашық дерек
Ақтөбе қаласында жанармай құю станцияларының бірінде жарылыс болды. Оқиға Ақжар көшесінде орналасқан автогаз құю станциясында тіркелген.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жер үсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасы тұтанып, өрт шыққан. Жалын қысқа уақыт ішінде екінші цистернаға, станция аумағында тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа таралған.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру бригадалары жіберіліп, тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Қауіпсіздік мақсатында аумақ қоршауға алынып, тиісті тексеру жұмыстары жүргізілді.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жарылыстың нақты себептері анықталып жатыр. Мамандар газ жабдықтарының техникалық жағдайы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеруде.

Оқиғаға байланысты құзырлы органдар қосымша ақпарат беретін болады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты