Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр. Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасымен жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия жұмысына Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет жетекшілік етеді. Ол уәкілетті органдармен бірлесіп тексеру жүргізіп, тергеу қорытындысына сәйкес тиісті шаралар қабылдайды.
Құзырлы органдар тарапынан ресми тергеу басталған. Жергілікті атқарушы органдар марқұмдарды жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетіп, отбасының жақындарына материалдық және әлеуметтік қолдау білдіретінін мәлімдеді.
Полицияның мәліметіне сәйкес, қайтыс болған әйел 1993 жылы туған. Облыс әкімдігі марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді.