Контентке өту

Әділ Сламханға ота жасалды: әнші ауруханада жатыр

Әділ Сламханға ота жасалды: әнші ауруханада жатыр
ашық дерек

Танымал әнші Әділ Сламхан қазіргі таңда ауруханада ем қабылдап жатыр. Өнер иесіне ота жасалғаны белгілі болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бұл туралы оның жары Дана Маханбаева әлеуметтік желіде хабарлады. Айтуынша, әншінің белі ауырып, грыжа мазалап жүрген.

«Біраздан бері көңілде мұң басып жүргені рас. Әдекеңнің белі ауырып, грыжасы мазалап болмаған соң ота жасалды. Қазір Аллаға шүкір орнынан тұрып жүр. Алла шипасын беріп, шауып кет Әдекем!» – деп жазды ол.

Жақындарының айтуынша, ота сәтті өткен, қазір әншінің жағдайы бірқалыпты.

Желі қолданушылары да өнер иесіне қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жаудырды. Көпшілік оның тезірек сауығып, сахнаға оралуын тілеп жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты