Контентке өту

Айдана Меденова жаңа образы үшін сынға қалды

Айдана Меденова жаңа образы үшін сынға қалды
ашық дерек

Танымал әнші Айдана Меденова тағы да көпшіліктің қызу талқысына түст, деп хабарлайды baq-orda.kz.
 

Өнер иесі бұл жолы әлеуметтік желіде жаңа фотосессиясын жариялап, тың образымен жұрт назарын аударды. Әнші ақ оюлы көйлек киіп, гүлдердің арасында түскен суреттерін бөліскен. Бұған дейін орамал тағып жүрген әншінің бұл жолғы стилі айтарлықтай өзгергені байқалады.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бір топ оқырман әншінің нәзіктігі мен табиғи сұлулығына тәнті болып, жылы пікірлер қалдырған. Олар «періштедей көрінеді», «өте әдемі», «кореялық фильм кейіпкеріне ұқсайды» деген секілді қолдау білдірген.

Алайда керісінше пікір айтқандар да аз болмады. Кейбір қолданушылар әншінің жаңа имиджін сынға алып, киім үлгісін тым ашық деп бағалаған. Пікірлер арасында оның бұрынғы образы мен қазіргі стилін салыстырып, өзгерістерін құптамаған жазбалар да кездеседі.

Айта кетейік, соңғы уақытта Айдана Меденова жеке стиліндегі өзгерістерімен жиі көпшілік назарында жүр. Әншінің әрбір жаңа образы әлеуметтік желіде қызу талқыланып келеді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты