Танымал актриса әрі продюсер Айнұр Ілиясова қоғамда көп айтыла бермейтін маңызды мәселені көтерді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесі босанғаннан кейін психологиялық қиындықтарға тап болғанын және қорқынышты ойлармен күрескенін жасырмады.
Актрисаның айтуынша, ана атанғаннан кейін белгілі бір кезеңде сәбиіне зиян келтіріп қоямын ба деген үрейлі ойлар мазалаған. Ол мұндай жағдайды басынан өткерген көптеген аналардың бұл туралы ашық айтуға қорқатынын жеткізді.
Мамандардың сөзінше, мұндай ойлар босанғаннан кейінгі депрессияның немесе психологиялық күйзелістің белгілерінің бірі болуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда жақындардың қолдауы мен маман көмегіне жүгіну маңызды.
Айнұр Ілиясова қоғамда жабық тақырып саналатын бұл мәселені жасырмай айту арқылы аналардың психологиялық денсаулығына назар аударудың маңызын көрсетті.
Айта кетейік, босанғаннан кейінгі депрессия көптеген әйелдің өмірінде кездесуі мүмкін. Алайда көп жағдайда олар айналасындағы адамдардың түсінбеуінен немесе сынға ұшыраудан қорқып, өз жағдайын жасырып жүреді.
Өнер иесінің шынайы әңгімесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көптеген ананың қолдауына ие болды.