Контентке өту

AKMAL КОНЦЕРТІНЕ БИЛЕТ АЛҒАНДАРҒА 5,3 МЛН ТЕҢГЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

AKMAL КОНЦЕРТІНЕ БИЛЕТ АЛҒАНДАРҒА 5,3 МЛН ТЕҢГЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
ашық дерек

Солтүстік Қазақстан облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында маңызды сот шешімі шықты. Петропавл қаласының №2 соты жеке кәсіпкерге қатысты талап арызды толық көлемде қанағаттандырды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бұл іске 2025 жылғы 25 қазанда Қостанай қаласында өтуі тиіс болған Akmal концертіне билет сатып алған азаматтардың жаппай шағымы себеп болған. Іс-шара өтпей қалғанымен, ұйымдастырушы тарап билет құнын толық қайтармаған.

Сауда және интеграция министрлігіне қарасты департаменттің мәліметінше, көптеген тұтынушы өз қаражатын толық ала алмаған. Кәсіпкерге сотқа дейінгі талап жолданғанымен, заң бұзушылықтар жойылмаған.

Осыған байланысты департамент оннан астам азаматтың мүддесін қорғап, сотқа жүгінген. Нәтижесінде сот шешімімен жауапкерден жәбірленушілердің пайдасына 5 380 126 теңге өндірілді.

Ведомство бұл нәтижеге азаматтардың өтініштерін жүйелі қарау мен соттағы тиімді жұмыс арқылы қол жеткізілгенін атап өтті.

Айта кетейік, алдағы уақытта Астана және Алматы қалаларында Enrique Iglesias концерті өтеді деп жоспарланған.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты