Контентке өту

Әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісі жайлы айтты

Әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісі жайлы айтты
ашық дерек

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев “1001 түн” бағдарламасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты тың мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесінің айтуынша, оның сүйіктісі 2003 жылы дүниеге келген. Қос ғашықтың қарым-қатынасы біраз уақыттан бері жалғасып келеді. Әнші тіпті арудың ата-анасымен танысып үлгерген.

«Кішкентай қыз» – сүйіктісіне арналған

Жігер Ауыпбаев көпшілікке танымал “Кішкентай қыз” әнінің кімге арналатынын да жасырмады. Оның сөзінше, бұл туынды дәл қазіргі таңда жанында жүрген аруға арналған.

«Ата-анасымен де таныстым. Ол екеуміз қыз-жігіт сияқты махаббат болып жүрміз. Негізі менің жанымда кім тұрса да, кішкентай болады, себебі менің бойым 195 сантиметр. Жаныма тіпті 170-180 сантиметрлік адамдар келіп тұрса да сол. Ал оның бойы шамамен 165 сантиметр, бәрібір кішкентай болып тұрады», - деді әнші.

Сонымен қатар ол адам таңдауда сырт келбеттен бұрын мінез бен тәрбиеге мән беретінін атап өтті.

«Адамның бойына қарайтын болсам, өмір бойы бойдақ болып өтетін сияқтымын. Сондықтан ойына, тәрбиесіне қарап, сөйлесіп жүрміз», – деп түйіндеді ол.

Осылайша, Жігер Ауыпбаев алғаш рет сүйіктісі туралы ашық айтып, жанкүйерлеріне жеке өміріндегі өзгерістерді жария етті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты