Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева әлеуметтік желідегі парақшасында ауыр қазаға душар болғанын хабарлады. Өнер иесінің анасы 84 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Әнші жүрек тебірентерлік жазбасында анасын сағынышпен еске алып, бұл қазаның орны толмас ауыр екенін жеткізді.
«Ақ сүт беріп өсірген анамның адалынан емген ақботасы ем. Алла ісіне шара бар ма, ақ мамамнан айырылып қалдым. 84 жасқа келіп дүниеден өтті. Мәңгілік мекеніне кетті. Анамның Алла алдынан жарылқасын», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері әншіге көңіл айтып, марқұмның иманды болуын тілеуде.