Контентке өту

Астанадағы Amanat партиясының маңдайшасы «Әділет» болып өзгерді: тарих тағы қайталана ма?

Астанадағы Amanat партиясының маңдайшасы «Әділет» болып өзгерді: тарих тағы қайталана ма?
ашық дерек

Әлеуметтік желілерде Астанадағы Amanat партиясының орталық аппараты орналасқан ғимараттың маңдайшасына «Әділет» атауы жазылғаны қызу талқылануда. Тараған фотолар мен видеолардан ғимараттағы жаңа атауды анық көруге болады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Белгілі болғандай, мұндай өзгерістер тек елордада ғана емес, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде де жүзеге асырылып жатыр. Бұл жағдай қоғамда түрлі пікір туғызып, көпшілік арасында партияның алдағы тағдырына қатысты сұрақтар көбейген.

Айта кетейік, еліміздің саяси тарихында мұндай өзгерістер бұрын да болған. 2006 жылы «Асар» партиясы «Отан» партиясының құрамына қосылу туралы шешім қабылдап, соның нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы құрылған еді. Кейінірек партияның атауы өзгеріп, қазіргі Amanat атауына ие болды.

Сондықтан бүгінгі өзгерістерді көрген жұртшылық өткен саяси үдерістерді еске алып, «тарих тағы қайталанып жатыр ма?» деген сауал қоюда.

Әзірге бұл өзгеріске қатысты ресми түсініктеме жарияланған жоқ. Дегенмен жаңа маңдайшаның пайда болуы қоғам назарын өзіне аударып, түрлі болжамдардың туындауына себеп болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты