Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері ел аумағының басым бөлігінде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда 15 ақпаннан бастап батыс өңірлерге солтүстік-батыс циклоны әсер етіп, жаңбыр мен қар, боран болып, температураның көтерілуіне ықпал етеді.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда оңтүстік циклондарының әсерінен күн райы тұрақсыз болады. Әсіресе 14–15 ақпанда бұл өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі.
Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ сияқты қолайсыз құбылыстар болуы мүмкін. Мамандар тұрғындарға ауа райы болжамын ескеріп, сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.