Контентке өту

Байзақ ауданында өткен облыстық «Ауыл CLUB» Art-тимбилдингінде Бас жүлде аудан қоржынына түсті

Байзақ ауданында өткен облыстық «Ауыл CLUB» Art-тимбилдингінде Бас жүлде аудан қоржынына түсті

Байзақ ауданында ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар арасында өткен облыстық «Ауыл CLUB» Art-тимбилдингі өз мәресіне жетті. Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы және Байзақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен ауқымды мәдени шара өңірдің мәдениет қызметкерлерін бір алаңға тоғыстырд, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Екі күнге созылған шығармашылық додада аудандық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардың өнер ұжымдары концерттік бағдарламаларын ұсынып, шығармашылық қабілеттері мен кәсіби шеберліктерін ортаға салды. Сонымен қатар қатысушылар түрлі интеллектуалдық және командалық тапсырмаларға қатысып, ұйымшылдық пен шығармашылық ізденістің жарқын үлгісін көрсетті.

Байқау барысында қазылар алқасы қатысушылардың сахналық мәдениетін, орындаушылық шеберлігін, командалық үйлесімділігі мен тың идеяларын жан-жақты бағалады.

Облыстық Art-тимбилдингтің қорытындысы бойынша Бас жүлде Байзақ ауданының командасына бұйырды. Бұл – аудан мәдениет қызметкерлерінің кәсіби дайындығы мен шығармашылық әлеуетінің жоғары деңгейде екенін айқын көрсеткен маңызды жетістік.

Байқауда І орын Тұрар Рысқұлов ауданына, ІІ орын Сарысу ауданына, ІІІ орын Шу ауданына табысталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай марапаттады.

«Ауыл CLUB» Art-тимбилдингі ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының жұмысын жетілдіруге, мәдениет қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға, шығармашылық байланысты нығайтуға және ауыл мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды алаң ретінде өз маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты