Контентке өту

«Бас жүлде – Жамбыл театрының еншісінде»: А. Тоқпанов театры халықаралық фестивальде топ жарды

«Бас жүлде – Жамбыл театрының еншісінде»: А. Тоқпанов театры халықаралық фестивальде топ жарды
ашық дерек

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театры Атырау қаласында өткен Рахымжан Отарбаев атындағы III халықаралық театр фестивалінде Бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Фестиваль аясында театр ұжымы драматург Рахымжан Отарбаевтың «Құсалық» драмасын көрермен назарына ұсынып, жоғары деңгейдегі актерлік шеберлігі мен сахналық үйлесімін көрсетті.

Бас жүлде иегеріне 2 миллион теңге көлеміндегі сертификат табысталды.

Қойылымның режиссері – Мұқанғали Томанов, суретшісі – Айгерім Амангелді.

Бұл жеңіс – театр ұжымының қажырлы еңбегі мен шығармашылық ізденісінің нәтижесі. Жамбыл театрының халықаралық деңгейдегі жетістігі өңірдің мәдени өміріндегі айтулы оқиғаға айналды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты