Әнші Зарина Омарова әлеуметтік желіде жариялаған видеосынан кейін қызу талқының ортасында қалды. Өнер иесі марқұм апасының бейітіне барып, сол жерде «Анашым» әнін орындаған сәтін Instagram парақшасына жүктеген, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Әншінің айтуынша, бұл - сағыныш пен құрметтің белгісі. Алайда видео желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Көпшілік оның әрекетін түсіністікпен қабылдаса, енді бір бөлігі «бейіт басында ән айту қазақы дәстүрге сай емес» деп сын айтты.
Әлеуметтік желіде:
- «Бейіт басында ән айтпаған қазақ едік»,
- «Марқұмды еске алудың да өз әдебі бар»,
- «Бұл әрекет хайп үшін жасалғандай көрінеді» деген пікірлер жазылған.
Сонымен қатар, әншіні қолдаған оқырмандар да табылды. Олар әр адамның қайғыны қабылдауы мен сағынышын жеткізу тәсілі әртүрлі болатынын айтып, өнер иесіне қолдау білдірген.
Қазіргі таңда видео әлеуметтік желілерде кең тарап, көпшілік арасында қызу талқыланып жатыр.