Контентке өту

Белгілі әнші Нұрлан Албан әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялап, марқұм анасын еске алды.

Белгілі әнші Нұрлан Албан әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялап, марқұм анасын еске алды.
ашық дерек

Өнер иесі 27 наурыз – анасының туған күні екенін айтып, бұл күннің өзі үшін ерекше ауыр өтетінін жеткізді. Әнші қабір басында түсірілген видеосын бөлісіп, көпшілікке терең ой салатын әсерлі сөздер қалдырған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ол жазбасында анасын сағынышпен еске алып, тірі кезінде отбасымен бірге өткізген сәттердің қадірін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, қоғамда қабір басынан фото не видео жариялауға қатысты айтылатын сындарға да тоқталып, бұл әрекеттің мақсаты – жұртқа ой салу екенін түсіндірді.

«Бұл – өмірдің шындығы. Мәңгілік ешкім жоқ. Менің айтқым келетіні – ата-анасы жанында жүрген жандар олардың қадірін білсін. Барында бағалап, қызметін жасап, көңілін табу керек. Өйткені әке мен ана – Алланың бізге берген ең үлкен нығметі», – деген ол.

Әнші қазіргі таңда өзіне дұға жасайтын ата-анасының жоқ екенін айтып, бұл сезімнің қаншалықты ауыр екенін де жасырмады. Сонымен қатар, барша жұртқа ата-анасын құрметтеуге шақырып, өмірлік маңызды ой тастады.

Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына бейжай қарамай, жылы пікірлерін жаудырып, қолдау білдіріп жатыр. Көпшілік оның сөзінен үлкен тағылым алғандарын айтып, ата-ананың қадірін білу керектігін атап өтті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты