Контентке өту

«Бота Миа тосын шешім қабылдады: 30-ды күтпей ана болуға қамданып жатыр»

«Бота Миа тосын шешім қабылдады: 30-ды күтпей ана болуға қамданып жатыр»
ашық дерек

Қазақстандық блогер Бота Миа ана болуға қатысты батыл шешімімен ел назарын өзіне аударды. Ол әлеуметтік желіде жұмыртқа жасушаларын (яйцеклетка) мұздату процедурасын таңдағанын айтып, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Блогердің айтуынша, бұл қадам - денсаулық мәселесінен емес, болашақты алдын ала жоспарлаудан туған шешім.

«Қазір жаспын. Бірақ ертең тұрмысқа бір-екі жылда шықпай қалсам ше? Кейбір қыздар “әні шығамын, міне шығамын” деп жүре береді. Ал уақыт тоқтамайды. 30-ға келгенде организм бұрынғыдай болмайды. Сол үшін қазір, бәрі сау кезде, сақтап қойған дұрыс», - деді ол.

Сонымен қатар Бота Миа қоғамдағы қате пікірлерге де тоқталды. Оның сөзінше, көпшілік мұндай әрекетті бірден «бала көтере алмай жүргеннен» деп қабылдауы мүмкін.

«Бұл - қате түсінік. Мен қазірден қамданып жатырмын. Ертең 40-қа келсем де, ана болуға мүмкіндік болады», — деп түсіндірді блогер.

Бұл мәлімдеме желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Бірі блогердің ойын қолдап, «өте дұрыс шешім», «қазіргі қыздарға керек ақпарат» деп жазса, енді бірі мұны «табиғатқа қарсы» деп бағалап, сын пікірлерін білдірді.

Соңғы жылдары әлемде кең таралған мұндай медициналық әдіс енді қазақстандық қоғамда да жиі талқылана бастады. Мамандардың айтуынша, бұл - репродуктивті мүмкіндікті сақтаудың заманауи жолдарының бірі.

Осылайша Бота Миа қоғамда ашық айтыла бермейтін, бірақ өзекті мәселені көтеріп, қыз-келіншектерге ой салды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты