Контентке өту

«Бозторғайдан» басталған өнер жолы: Жамбыл облысының әкімі Мейрамбек Беспаевқа құрмет көрсетті

«Бозторғайдан» басталған өнер жолы: Жамбыл облысының әкімі Мейрамбек Беспаевқа құрмет көрсетті
ашық дерек

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш туған жері – Әулиеатадан басталды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мерейтой иесіне құрмет көрсетіп, оның қазақ ән өнеріне қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ әншіге ақжарма тілегін жеткізді.

Қоңыр дауысымен тыңдарман жүрегінен орын алған Мейрамбек Беспаев бала күнінен «Бозторғай» әнімен танылып, бүгінде қазақ өнерінің көрнекті өкілдерінің біріне айналды.

Әнші «МузАРТ» тобымен бірге ұлттық эстраданың дамуына үлес қосып, талай тыңдарманның сүйіспеншілігіне бөленді. Оның шығармашылығы кейінгі буын өнерпаздарына да үлгі болып келеді.

Туған жерінде өткен кеште әншіге жерлестерінің ықыласы ерекше сезілді. Көрерменнің ыстық қошеметі мен әр әнге қосылған ықылас өнер иесіне деген шынайы құрметтің белгісіне айналды.

Мейрамбек Беспаев үшін туған жердің ықыласы мен елдің құрметі айрықша мәнге ие. Әулиеатадан басталған мерейтойлық кеш ән мен сағыныш тоғысқан әсерлі сәттерге толы болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты