Контентке өту

Дәрігерлер тоқтатты: Қыдырәлі Болманов концертін кейінге шегерді

Дәрігерлер тоқтатты: Қыдырәлі Болманов концертін кейінге шегерді
ашық дерек

Қазақстандық әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов Алматыда өтуі тиіс концертінің кейінге шегерілген себебін түсіндіріп, көрерменге арнайы үндеу жасады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесінің айтуынша, концертті ауыстырмауға себеп болған негізгі жайттардың бірі — көрерменнің зор қолдауы. Оның сөзінше, Республика сарайында өтетін кешке шамамен үш жарым мыңға жуық адам жиналған.

Сондай-ақ әнші басқа күнге ауыстыру да оңай болмағанын айтты. Себебі алдағы екі-үш ай көлемінде Республика сарайы бос емес екен.

Қыдырәлі Болманов қазіргі денсаулық жағдайына байланысты сахнада бұрынғыдай еркін қозғалу қиынға соғып тұрғанын жасырмады.

«Өмір бойы шапқылап, екі аяғымен жүрген адамға креслода отырып, қозғалмай сахнада ән айту өте ыңғайсыз, тым күрделі әрі қиын екен», — деді ол.

Әнші көп жағдайда адамдар денсаулықты кейінге ысырып, намыс пен жауапкершілікті алға қоятынын атап өтті. Алайда бұл жолы дәрігерлердің кеңесіне құлақ асуға мәжбүр болған.

Оның айтуынша, концертті өткізуге дәрігерлері рұқсат бермеген.

Соған қарамастан өнер иесі тыңдармандарына үміт сыйлап, бір айдан кейін толық қалпына келуге ниетті екенін жеткізді.

«Бүгін 18 мамыр. Тура бір айдан соң, 18 маусымда, Қарақатымның 25 жылдығында, Қыдырдың “улучшенная версиясы” болып тұрамын бұйыртса», — деп жазды әнші.

Сөз соңында ол көрермен алдына екі аяғымен тік тұрып шығатынына сенім білдіріп, барша жанкүйеріне қолдау мен түсіністік үшін алғыс айтты.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты