Контентке өту

Димаш Құдайберген туған мектебіне барып, ұстаздарымен кездесті

Димаш Құдайберген туған мектебіне барып, ұстаздарымен кездесті
ашық дерек

Қазақстанның халық сүйіктісіне айналған әнші Димаш Құдайберген Ақтөбе қаласындағы өзі білім алған №32 мектеп-гимназияға арнайы барып, ұстаздарымен және мектеп ұжымымен жүздесті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі үшін бұл кездесу ерекше әсерге толы болды. Ол балалық шағы өткен білім ордасын аралап, өзіне тәлім-тәрбие берген мұғалімдеріне алғысын білдірді.

Кездесуден кейін Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, мектеп пен ұстаздардың әр адамның өміріндегі орны ерекше екенін атап өтті.

«Уақыт өткен сайын мектеп қабырғасында өткен күндердің қадірін тереңірек түсінеді екенсің. Ұстаздардың берген білімі мен тәрбиесі адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі болып қала береді», – деп жазды әнші.

Ол өзінің шығармашылық жолында жеткен жетістіктерінде ұстаздарының еңбегі зор екенін айтып, оларға деген құрметі мен ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеде жаңа бейнебаян түсіруді жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын. Бұл жаңалық жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып, өнерсүйер қауым жаңа туындыны асыға күтуде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты