Контентке өту

Экологиялық акция: Жамбыл өңірінде бұлақ көзі ашылып, ағаштар отырғызылды

Экологиялық акция: Жамбыл өңірінде бұлақ көзі ашылып, ағаштар отырғызылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында Жамбыл облысында ауқымды экологиялық шара өтті. Аталған бастама өңірдің бірнеше аумағын қамтып, соның ішінде Сарысу ауданында да жалғасын тапты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Экологиялық акция «Мөлдір бұлақ» атауымен ұйымдастырылып, оның негізгі мақсаты – табиғи су көздерін қорғау, бұлақтар мен өзен-көлдерді қоқыстан тазарту және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды.

Сарысу ауданындағы шара Түркістан ауылдық округіне қарасты «Көсегенің көк жоны» аумағында өтті. Оған аудан басшылығы, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, түрлі этнос өкілдері және жастар белсенді қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

Акция барысында қатысушылар бұлақ көздерін тазалап, айналасын абаттандырды, сондай-ақ ағаш көшеттерін отырғызды. Ал Жамбыл ауданында өткен шара кезінде Әулиекөл аумағында бір бұлақ қайта ашылып, халық игілігіне берілді.

Бұрын бұл аумақта бірнеше табиғи су көзі болғаны белгілі. Соның бірі қайта қалпына келтіріліп, өңір тұрғындары үшін маңызды экологиялық нысанға айналды. Жергілікті халықтың пікірінше, мұндай бастамалар аймақты көгалдандыруға және жайылымдық жерлердің сапасын арттыруға оң әсер етеді.

Жалпы, «Таза Қазақстан» аясындағы мұндай шаралар табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға, қоғамның экологияға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты