Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституцияда әділетті әрі қауіпсіз еңбек жағдайларына баса назар аударылғанын атап өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында әділетті әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға баса назар аударылған. Цифрлық экономиканың дамуы мен жұмыспен қамтудың жаңа формаларын ескере отырып, еңбек заңнамасын, оның ішінде қашықтан және платформалық жұмыспен қамтуды бейімдеу керек. Осыған байланысты Еңбек министрлігі 1 сәуірге дейін мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын жетілдіру және халықтың еңбек әлеуетін дамыту мәселелері бойынша Әлеуметтік және Еңбек кодекстеріне түзетулер жобаларын Парламентке енгізсін», - деп атап өтті Олжас Бектенов.