Контентке өту

Гүлайым Рахмонова ажырасу туралы ашық айтты: отбасыдағы жанжал жайлы мәлімдеме жасады

Гүлайым Рахмонова ажырасу туралы ашық айтты: отбасыдағы жанжал жайлы мәлімдеме жасады
ашық дерек

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде үндеу жасап, жеке өміріндегі өзгерістер туралы ашық пікір білдірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ол өз жазбасында ажырасу туралы шешім оңай болмағанын айтып, бірнеше жылға созылған отбасылық қиындықтарды да қозғады. Гүлайымның айтуынша, бұл кезеңде түрлі қысым мен түсініспеушіліктер болған.

Сонымен қатар, ол бұрынғы жұбайының кейбір жақындарын айыптап, олардың тарапынан өзіне қатысты қысым мен орынсыз әрекеттер болғанын жеткізді. Оның сөзінше, бұл жағдайлар отбасындағы ахуалға айтарлықтай әсер еткен.

Гүлайым Рахмонова қаржылық мәселеге де тоқталып өтті. Ол спортшының табысына қатысты түрлі әңгімелердің жүргенін айтып, ең алдымен балалардың жағдайы ескерілуі тиіс екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысының соты Гүлайым Рахмонованы жол-көлік оқиғасына байланысты кінәлі деп таныған болатын. Сот шешімі бойынша оған 5 жыл бас бостандығынан айыру және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алайда, оның қарауында төрт кішкентай баласы бар екені ескеріліп, жаза өтеу мерзімі 5 жылға шегерілген. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Айта кетейік, қайғылы жол апаты 2025 жылдың 27 шілдесінде Алматы–Екатеринбург тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол талғамайтын көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол апатына ұшыраған. Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Көлікте сол сәтте Гүлайым Рахмонова мен оның ұлы болғаны белгілі.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты