Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына байланысты жасалған операциядан кейінгі жағдайы туралы айтып, көпшілікке алғыс білдірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Айтуынша, дәрігерлер оның өтіндегі тасты сәтті алып тастаған. Продюсер ота алдында қатты алаңдағанын да жасырмады.
💬 «Елдер түк емес дейді, бірақ бұрын жақындарымның наркоздан кейін қиын жағдайға түскенін көрген соң қорқыныш болды. Аллаға сансыз шүкірлер, бәрі сәтті өтті», – деп жазды ол.
Гүлзира Айдарбекова қазіргі таңда наркоздан кейін әлсіздік бар екенін, бірақ жағдайы жақсы екенін жеткізді.
💬 «Көзім жұмылып, бір оянып жатырмын. Әлсіздік бар, бірақ бәрі жақсы», – деді продюсер.
Сондай-ақ ол әлеуметтік желі қолданушыларына қолдау білдіріп, дұға жасаған жандарға ризашылығын айтты.
💬 «Әуелі Алланың қалауы, екінші сіздердің дұғаларыңыз міндетті түрде Алланың құлағына шалынды. Рақмет, жандарым», – деп жазды Айдарбекова.
Қазіргі уақытта продюсердің жағдайы тұрақты екені белгілі болды.