Контентке өту

Гүлзира Айдарбекова Сәуле Базарханның қазасына байланысты жан тебірентер жазба жариялады

Гүлзира Айдарбекова Сәуле Базарханның қазасына байланысты жан тебірентер жазба жариялады
ашық дерек

Продюсер Гүлзира Айдарбекова кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базарханның қазасына байланысты әлеуметтік желідегі парақшасында көңіл айтып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі марқұмның өмірден өткенін ауыр қабылдағанын жасырмады. Оның айтуынша, соңғы күндері Сәулемен бірге түскен сәттерін сториске жиі жариялап жүрген.

- 3 күннен бері Сәуле сіңілім әрі құрбымды сторисіме салып жатқаным, қуанған да, қайғырған да сәтімізді де жасыра алмайтынымыз рас, сіздермен бөлісеміз. Екі түн мүлдем ұйықтай алмадым. “Гүлеке” деп ыржитып кіріп келіп қалатындай, қоңырау соғатындай, - деп жазды продюсер.

Гүлзира Айдарбекованың сөзінше, олар Ташкентке концертке барып, кейін бірге демалуды жоспарлаған. Алайда Шымкентке барған сәтте қаралы хабар жеткен.

- Ұшақтың қонғаны сол, қаншама пропущенный звонок. Құрбыларым да, бала-шағам да суық хабарды естіп, тоқтамай звондай берген ғой. Жаным тыныш таппай, қонақтарымды тастап, қайта ұшып кеттім. Ең болмаса жер қойнына Сәулешімді жерлемей тұрып, көзіммен көргім келді, - деді ол.

Продюсер марқұмның үйіне барып, жақындарымен бірге қара жамылғанын да баяндады.

- Үйіне бардым, кірдім көрдім, моп-момақан болып ұйықтап жатыр. Өзі де өте сабырлы еді. Келгендердің бәрі, ерлер де, әйелдер де егіліп жылап, тіптен сөйлей алмай қимастықтарын білдірді, - деп жазды Айдарбекова.

Сондай-ақ ол Ташкенттегі концертіне байланысты қайта ұшуға мәжбүр болғанын айтып, жаназа мен құранға Жұлдыз, Заңғар және Индира барғанын жеткізді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты